Saturday, 5 October,2024

Шымкентте 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Алмас Абылай
Фото ҚР ІІМ

Шымкентте 18 жастағы қыз бала із-түзсіз жоқ. Полицияға 3 күннен бері табылмай жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ішкі істер министрлігі дерегіне сүйенсек, 5 тамызда Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен. Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.

Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Аида Долана-Бұлақ колледжінің 1 курс студенті.

Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ). Қызды іздеу ДП басшылығының ерекше бақылауында.

Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз.

Ұсынылатын