Saturday, 23 November,2024

Шымкентте 35 жастағы әйел екі адамды пышақтап өлтірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкентте 35 жастағы әйел көңілдесі мен құрбысын пышақтап өлтірді. Ауыр қылмысқа қызғаныштың “қызыл иті” себеп болған6 деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан мәлімет бойынша, 35 жастағы әйел құрбысы және көңілдесімен бірге спирттік ішімдік ішкен. Сол кезде ер адам сотталушының құрбысына көңіл білдіріп, арада қызғаныш оты тұтанады.

Осыдан кейін ашуға мінген әйел пышақпен алдымен жігітті жайратса, сонан соң құрбысына сұғып алған. Ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетсе, ауыр жарақат алған әйел аурухана төсегінде көз жұмды.

Ауыр қылмыс жасаған әйел кінәсін толық мойындап отыр. Енді ол 15 жыл 6 ай өмірін темір тордың ар жағында өткізеді.

Ұсынылатын