Friday, 22 November,2024

Шымкентте әйелін неке түнінде ұрып өлтірген 39 жастағы азамат сотталды

Алмас Абылай
Фото pixabay

Шымкентте әйелін неке түнінде өлтірді деп айыпталған азаматқа сот үкім кесті. Ол 9 жылға сотталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы Серік Жанәлиевке жаза кесті. 39 жастағы азамат неке түнінде әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған.

"Серік Жанәлиев Қылмыстық кодекстің 106-бабымен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») кінәлі деп танылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтесін", - деді судья Мадияр Әбдірәсілов.

Дей тұрғанымен айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Еске салайық, оқиға 2022 жылдың маусым айында болды. Жұп мұсылманша неке қидырған. Бірақ арадағы жанжал, ұрып соғуға ұласып, Серік әйелін өлтірген.

Ұсынылатын