Sunday, 8 September,2024

Шымкентте әкесі алты жасар қызын зорлаған

Uaqyt.info
Фото

Шымкентте өгей әке 6 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды. Оның үстінен ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі «жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктіні досының үйінде тығылып жатқан жерінен ұстаған.

 «Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған. Жедел уәкілдер тұрғын үйді тексеру кезінде салмағы 4 келіге жуық марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар зат салынған сөмке тапты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын