Sunday, 8 December,2024

Шымкентте автобус қағып кеткен тағы бір адам қайтыс болды

Алмас Абылай
Фото otyrar.kz

Шымкентте автобус қағып кеткен тағы бір адам ауруханада көз жұмды. Осылайша, қаза тапқандардың саны 5 адамға жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Otyrar сайтының мәліметінше, ауыр жарақат алған адам аурухана төсегінде көз жұмған. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір автобус қаққан 18 жастағы қыз нейрохирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалауда.

Айта кетейік, сәуірдің 8-де Шымкенттегі Бәйтереков-Назарбеков көшелерінің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус адамдарды қаққан болатын. Соның салдарынан үш адам оқиға орнында тіл тартпай кетсе, қалған екеуі алған жарақаттан аурухана төсегінде көз жұмды.

Ұсынылатын