Saturday, 4 May,2024

Шымкентте Бадам өзенінен ер адамның мәйіті табылды

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Шымкенттегі Бадам өзенінен 50-60 жас шамасындағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Otyrarkz хабарлауынша, құтқарушыларға хабарлама 24 сәуір күні сағат 17.15-тер шамасында түскен.

Онда Еңбекші ауданы Забадам ауылы Саттарханов көшесінде Бадам өзенінен ер адамның денесі табылғандығы туралы айтылған.

Жедел жасақ құтқарушылары ер адамның денесін судан алып шықты.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Оқиғаның мән-жайын Полиция департаменті анықтауда.

Ұсынылатын