Saturday, 23 November,2024

Шымкентте балаларына қарайласпаған әке бір жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото

Шымкентте балаларына 5,5 миллион теңге алимент төлемеген әке бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ол кәмелетке толмаған ұлы мен қызына ұзақ жылдар бойы бір тиын да бермей келген. Жинақталған ақшаның жалпы сомасы 5,5 млн теңгені құрапты.

Прокуратура актісінің негізінде полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 139-бабымен іс қозғап, сотқа жіберді.

Соттың үкімімен ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.

 

 

 

Ұсынылатын