Friday, 18 October,2024

Шымкентте бір топ адамды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкентте бір 6 адамды қағып кеткен автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Шымкентте қайғылы оқиға болған еді. Автобус жол жиегінде тұрған алты адамды қағып кеткен болатын. Соның салдарынан бес адам тіл тартпай кетті, ал алтыншы адам мүгедек болып қалды.

Оқиға былай болған еді. Автобусты жол шетіне қойып, жүргізуші сыртқа шыққанда, қоғамдық көлік өздігінен төмен ылдилап, жол жиегінде тұрған жаяу жүргіншілерді басып кетті.

Бүгін өткен сот отырысында сотталушының кінәсі дәлелденіп, 5 жылға сотталды. Сондай-ақ ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Ұсынылатын