Thursday, 19 September,2024

Шымкентте екі адамды өлтірген қаскөй ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкентте екі адамды өлтіріп, бір адамды жаралаған 28 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аса ауыр қылмыс жасаған қаскөй қамауға алынды. Ол екі адамды өлтірген. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

«Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды» - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын