Tuesday, 26 November,2024

Шымкентте ер адам қызына бір бүйрегін берді

Uaqyt.info
Фото pixabay

Шымкентте 53 жастағы әке қызына донор болып, бір бүйрегін берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, бүйрек трансплантациясы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жасалған. 1,5 сағатқа созылған операция сәтті өтті. Ұлттық хирругия ғылыми орталығының төрағасы, профессор Болатбек Баймахановтың айтуынша, алдағы уақытта бұл ауруханада бауыр алмастыру операциясы жасалады.

"Бүгін осы саланы дамыту бойынша арнайы келіп отырмыз. Алдағы уақытта бауыр алмастыру, яғни донорлық бауыр трансплантациясын жасау жоспары бар. Шыны керек, бұл үлкен өңір, біз қазір үлгермей жатырмыз", - деді Болатбек Баймұханов.

Ұсынылатын