Шымкентте гүл дүкеніне шабуыл жасаған ер адам прокурордың ұлы ма?
Шымкентте гүл сататын дүкенге шабуыл жасап, сатушыны соққыға жыққан ер адамға қатысты Шымкент қаласының прокуратурасы жауап берді. Ондағылардың айтуынша, видеодағы ер адам “прокурордың ұлы” деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“8 тамыз 2023 жылы әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін жасаған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған. Аталған адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз”, - деді Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ал Шымкент қаласы Тұран ауданы полиция басқармасының аталған оқиғаға байланысты жәбірленуші арыз беруден бас тартқанын мәлімдеді.
“Гүл сатушы арыз беруден бас тартты. Алайда бұған қарамастан полицейлер ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады”, - деп хабарлады полициядан.
Естеріңізге сала кетейік, дүкенге мас күйінде кірген ер адамның видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.