Thursday, 19 September,2024

Шымкентте із-түзсіз кеткен 19 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Uaqyt.info
Фото

Шымкент полицейлері 19 жастағы жоғалған жігітті іздеп жатыр, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, 15 қазан күні Абай АПБ-ға жас жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ер жігіттің жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған.

Жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден “102” нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

 

Ұсынылатын