Шымкентте мал қарауға кеткен оқушы өлі табылды

Шымкентте мал қарауға кеткен 15 жастағы баланың денесі өлі табылды. Жасөспірімнің неден көз жұмғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алдын-ала мәлімет бойынша, бала 8 маусымда мал қарауға кетіп, сол күйі қайта оралмаған. Оның мәйіті сағат 4:50-де Новостроек көшесінен табылды. Әзірге оның неден көз жұмғаны белгісіз. Оның денесіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
“Жасаөспірім – 15 жаста, №72 орта мектепте оқыды, инклюзивті білім алған. Мінез-құлқы жақсы, сабақтан қалмайтын. Бүгін мектепке келіп, емтихандар тапсыруы керек еді. Таңертең ата-анасына хабарласып, қайғылы хабарды естідік. Басы айналып құлап, басын қатты ұрып алған болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. Отбасына қайғыра көңіл айтамыз”,- деді №72 мектеп директоры Бегмат Усманов.