Saturday, 27 July,2024

Шымкентте мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте 11-ші сынып оқушысы суицид жасады. Марқұм оқушы қаладағы №9 мектепте оқыған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“2024 жылдың 12 мамырында 11-сынып оқушысы үйінде, жеке бөлмесінде өзіне қол жұмсағаны анықталды. Мектеп әкімшілігі оның оқу үлгерімі жақсы болғанын хабарлады”, – деді Шымкенттегі білім беру мекемесінің баспасөз қызметі.

Шымкент ішкі істер басқармасының мәліметінше, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп хабарлады Шымкент ІІБ баспасөз қызметі.

Ұсынылатын