Thursday, 19 September,2024

Шымкентте мектеп оқушысы суицид жасады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкентте 11-ші сынып оқушысы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше болған. Өз-өзіне қол салған оқушының денесі өз үйінен табылды. Вдеомство өкілдерінің айтуынша, бала мектепте жақсы оқыған және сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынаста болған.

Әзірге оқушының неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұсынылатын