Шымкентте мысықтың басын кесіп, иттердің аяғын қырқып тастаған
Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info
Шымкентте қаңғыбас ит-мысықты аулағандар жануарларға адам айтқысыз қорлық көрсеткен. Олар жануарлардың басын кесіп, ішек-қарнын ақтарып тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ғаламторда пайда болған жануарлардың өлексесі жұрттың жағасын ұстатты. Онда басы кесіліп, аяғы қырқылып жатқан иттерді көруге болады. Шымкентте болған сұмдық жағдайға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.
Олар жануарларға қатыгездік танытқандарды жауапқа тартуды сұраған. Жантүршігерлік кадрларды Uaqyt.info ақпараттық-порталының Telegram-дағы арнасынан көруге болады.