Шымкентте ойын клубына қарулы шабуыл жасалды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шымкентте ойын клубының операторына шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұған дейін ол 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған.
Мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан қаскүнем сейфтегі 4 миллион теңгені иемденіп, ізін суытқан. Жәбірленуші оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған.
Жедел уәкілдері күдіктіні қала аумағында ”ізін суытпай“ ұстады. 28 жастағы жергілікті тұрғын УҰИ-ға қамалды.
ҚР ҚК 192-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.