Шымкентте олимпиадаға келген оқушылар астан уланып қалды
Шымкентте олимпиадаға келген балалар астан уланып, 12 оқушы ауруханаға түсті. Оқыс жағдай 21 наурызда болған, деп хабарлайды Уақыт. кз.
Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының олимпиадасына қатысқан оқушылар астан уланып қалды. Оқушылардың дене қызуы көтеріліп, олар өздерін жайсыз сезінген. Жедел жәрдем балаларды Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды.
"Қазір балалардың жағдайы тұрақтанды. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайдың себептерін анықтайды. Балалар медицина қызметкерлерінің, оның ішінде министрліктің бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті осы қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыс тобы әр сұрақты мұқият зерттейді. Жағдай білім министрінің жеке бақылауында", - делінген хабарламада.
"Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығындағы жағдайға байланысты Оқу-ағарту министрлігі тексеріс жүргізуді бастап кетті.