Шымкентте пара алған әкімнің орынбасарына сот үкімі шықты
Шымкентте кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алған аудан әкімі орынбасары сотталды. Сот Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А.Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа жаза кесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында мегаполисті абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберінде, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қамқоршылық жасағаны үшін кәсіпкерден 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды”, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.