Шымкентте қаскөй екі жасар баланы терезеден лақтырып жіберді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полицейлердің мәліметінше, баланы терезеден лақтырып жіберген адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазіргі таңда оның үстінен ҚК 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, қайғылы оқиға 23 қарашада болған еді.
“Ата-ананың дұрыс қарамауынан тағы бір бала қайтыс болды”, - деп жазды Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.