Шымкентте салмағы 6 келіден асатын бала дүниеге келді
Uaqyt.info
Фото otyrar.kz
Шымкенттің перинаталдық орталығында салмағы 6 келі 50 грамм болатын бала дүниеге келді, деп хабарлайды Uaqut.info.
Ерекше жаңалықты Otyrar.kz сайты жазды. Алып баланың бойы - 63 см. Дәрігерлер әйелді кесар тілігі арқылы босандырып алған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.
"Перинаталдық орталығымызда күн сайын 30-дан астам сәби дүниеге келеді. 2023 жылғы 3 ақпанда бізге жүктіліктің 39-аптасындағы әйел түсті. Тексере келе іштегі нәрестенің өте үлкен екенін анықтадық. Содан кеңесіп, кесар тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Содан кейін ана мен бала 5 күн бойы біздің бақылауымызда болды, содан кейін шығарылды", - деді дәрігерлер.