Saturday, 23 November,2024

Шымкентте шенеуніктер бюджеттен 1,1 миллиард теңге ұрлап, қымбат пәтерлер сатып алған

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмысты істі тергеп жатыр. Ведомство өкілдерінің айтуынша, Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды қызметкерлері ұрланған ақшаға Астанадан пәтерлер сатып алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың айтуынша, қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы бюджеттен аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін тергеліп жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша, олар жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған. Ұрланған қаражат көлемі -  1,1 млрд теңге.

"Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда күдіктілердің барлық мүлкіне тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

Ұсынылатын