Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шымкентте «Свой дом» қаржы пирамидасының басшыларына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды», — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, осы қылмыстық іс бойынша сот екі тұлғаны 3 жылға бас бостандығынан айырды.
ҚМА қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті.