Шымкентте терезеден секірмек болған жасөспірім қыз жұрттың зәресін алды
Uaqyt.info
Фото видеодан кадр
Шымкентте жасөспірім қыз 4-қабаттағы терезеден секірмекші болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Терезеден аяғын салбыратып отырған қыздың видеосы полицейлердің бейнежетонына түсіп қалған. Құдай сақтағанда, тәртіп сақшылары дер кезінде қимылдап, оның өмірін арашалап қалды. Ал суицид жасамақшы болған қыз туралы 102 пультіне тұрғындар хабар берген. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол салмақ болған қызбен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Uaqyt.info көпірден секірмекші болған қыз туралы жазған еді. Ол телефон үшін әкесімен жанжалдасып, суицид жасамақ болған.