Шымкентте туберкулезге шалдыққан мұғалім мектепте сабақ берген
Uaqyt.info
Фото pixabay
Шымкентте туберкулездің ашық түрімен ауырған мұғалім бастауыш сыныптарға сабақ берген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Otyrar.kz сайты жазды. Онда №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі жұқпалы ауруға шалдыққанына қарамастан мектепте сабақ бергені туралы айтылған.
Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, сұмдық жағдай 11 сәуірде анықталып, мектепте дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.
Қазір мұғаліммен тығыз байланыста болған адамдар дәрігерлердің бақылауына алынды. Ал туберкулезге шалдыққан науқас ауруханада ем қабылдап жатыр.