- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Шымкентте видео түсіремін деп ғимаратқа кірген жас жігіт үйінді астында қалды
Шымкентте видео түсіремін деп ғимаратқа кірген жас жігіт үйінді астында қалды
Uaqyt.info
Фото
Шымкентте фосфоршылар сарайына кіріп, тик-токқа видео түсірмек болған жас жігіт үйінді астында қалды. Ғимараттың үшінші қабаты опырылып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге жігіттің не өлі, не тірі екені белгісіз.
“Жастар қазір тик-ток түсіруге құмар. Жақында ғана „Жездуха“ деген сериалдың бір сериясы осында түсірілген екен. Клиптер түсірілген. Бала еліктегіш келеді. Сондай бір мақсатпен келген болса керек. Полиция әр бес минут сайын патрульдеп жүрген. Дегенмен, баланың аты бала, бір қуыстан өтіп кеткен болуы мүмкін”,- деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.