Шымкентте жалданып қой баққан 48 жастағы ер адам із-түссіз кетті
Uaqyt.info

Шымкентте жалданып қой баққан бақташы іздестіріліп жатыр. Туыстарының айтуынша, ол маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Тансыкбаев Асен - 1975 жылы туған. Бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған.
Егер, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер бірден полицияның «102» арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласыңыздар.