Saturday, 23 November,2024

Шымкентте жаңа туған шақалағын қоқысқа тастаған безбүйрек ананы іздеп жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкентте жаңа туылған шақалақты далаға тастап кеткен безбүйрек ана іздестіріліп жатыр. Қапқа салынған сәбидің денесін тұрғындар көпқабатты үйлердің маңынан тауып алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кtk.kz жазуынша, куәгерлер бірден тәртіп сақшыларына хабарлаған. Бұл үйде негізінен жетімдер үйінен шыққан азаматтарға беріліпті.

Сондықтан полицейлер ең алдымен тұрғындарды тексерген. Бірақ баласынан безінген бейбүйрек ана табылмаған.

Сәбидің денесін басқа жақтан әкеліп тастап кетуі мүмкін дейді құзырлы органдар. Қазір, шақалақтың неден шетінегенін анықтау үшін сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

 

 

Ұсынылатын