Thursday, 19 September,2024

Шымкентте жас жігіт мектеп ауласындағы турникке асылып қалды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Шымкентте 20 жастағы жігіт мектеп ауласындағы турникке асылып қалған. Қайғылы оқиға 17 қазан күні сағат 2:20-да болған, деп хабарлайды Uaqyt.info Отырарға сілтеме жасап.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері Шымкенттегі Тұран аудандық полициясына хабарласқан. Олар Қ. Қазиев көшесіндегі қала мектептерінің бірінің ойын алаңынан жас жігіттің денесі табылғанын хабарлады.

Жігіт турникке бекітілген қалың арқанға асылып қалған. Марқұм артында ешқанда жазба қалдырмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Одан дене жарақаттары табылмады, сондықтан әзірге мұны кісі өлтіру деп санауға негіз жоқ.

Белгілі болғандай, марқұм небәрі 20 жаста екен. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Ұсынылатын