Monday, 25 November,2024

Шымкентте жасөспірім қыздың бауырынан 9 см құрт шықты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Шымкентте дәрігерлер 14 жастағы қыз баланың бауырынан 9 см болатын эхинококк құртын алып шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, жасөспірім 21 тамызда іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата-анасы Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне әкелген. Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған.

"Жедел түрде науқасқа ота жасалды. Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22 тамызда жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен, яғни ота тіліксіз жасалынды. Бұл операцияның ерекшелігі эхинококк кистасынан   9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шықты. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды”, - делінген ақпаратта.

Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер пациентті үйіне шығаруға дайындауда.

Ұсынылатын