Saturday, 23 November,2024

Шымкентте жолаушылар автобусының 6 адамды басып өткен бейнежазбасы жарияланды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Шымкентте жол жиегінде тұрған тұрғындарды басып өткен автобустың бейнежазбасы жарияланды. Видеода топ адамды қоғамдық көліктің шашып жібергенін байқайсыз, деп хабарлайды  Uaqyt.info.

Бейнежажазбада жолаушылар автобусының қарама-қарсы бағытқа шыққанын көруге болады. Мұнан кейін тура көше қиылысындағы бағдаршам белгісін күтіп тұрған бір топ адамды басып өтеді. Адамдар тіпті әр жаққа шашылып қалған.

Мұнан кейін полиция қоғамдық көліктен 6 адам зардап шегіп, 4-уі көз жұмғанын хабарлаған. Отырар сайты ауруханаға жеткізілген 2 адамның жағдайы қандай болғанын жазды. Олардың жағдай орташа ауыр. Бірі 2005 жылы туылған қыз болса, екіншісі қала тұрғыны.

Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі жантүршігерлік оқиға жайлы жазылған еді. 

Ұсынылатын