Saturday, 23 November,2024

Астанадағы банктердің бірінде қаруланған қаскөй бірнеше адамды кепілдікте ұстап отыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанадағы Каспи Банк  бөлімшелерінің бірінде 30 жастағы ер адам жеті тұрғынды кепілдікте ұстап отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шұғыл ақпарат Telegram әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда елордадағы Каспи Банк  бөлімшелерінің бірінде 30 жастағы ер адамның жеті адамды кепілдікке алғаны айтылған.

Тапаншамен қаруланған ол қойған талабы орындалмайтын болса, үш сағаттан кейін бір  адамды өлтіретінін жеткізіпті. Әзірге оның қандай талап қойып отырғаны белгісіз. Оқиға орнында полицейлер жүр.

Алдын ала болжам бойынша, қаруланған ер адам несие төлей алмауына байланысты осындай қадамға барған болуы мүмкін.

Ұсынылатын