Sunday, 24 November,2024

Шымкенттегі былық: Гүл сатушыны қорлаған бұрынғы полицейдің тағы бір даулы видеосы тарады

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Шымкентте гүл сатушыны қорлаған бұрынғы полиция қызметкерінің тағы бір бейнежазбасы тарады. Онда ер кісі кезекті қызметіне ақша төлеуден жалтаруға әрекеттеніп жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ер адамның ақша төлегісі келмей тұрғанын байқауға болады. Видеоға түсірген қыз даусынан төлем жасамай кетпейсіз деген жағдайды түсінесіз. Тіпті ғимарат есігін іштен жауып қойған. Оған ашулы әлгі ер кісі өзінің құқын талап етіп жүр.

"Кешірім сұраған "Қайшыбек" басқа. Гүл ұрлаған кәдімгі құқық қорғайды деген полиция қызметкері болып шықты. Бұл тек Шымкентте емес Түркістанда ылаң салыпты", - делінген бейнежазбада.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте гүл сатушының қорланған бейнежазбасы қоғамда шу туғызды. Кейіннен жөн-жосықсыз күшпен гүлді алып кеткен ер адамның бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды.

Ол осы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері.

Ұсынылатын