Thursday, 19 September,2024

Шымкенттегі “Гүл ұрлау” оқиғасынан кейін шенеунік қызметінен босатылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкентте гүл дүкеніндегі сатушыға күш қолданып, бір шоқ гүлді алып кеткен ер адамның жанында болған лауазымды қызметкер жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, бұған дейін видеодағы екінші адам Шымкенттегі Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екені айтылған. Қоғамда резонанс туғызған видеодан кейін ол қатаң сөгіс алған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізумен қолданылған тәртіптік жазаның пропорционалдығын зерделеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Алайда, қазіргі уақытта Данияр Елқонды өзі берген өтініш негізінде атқаратын қызметінен босатылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешқандай кедергі болған жоқ, - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, 8 тамызда ер адам гүл сатушыға күш қолданып, бір тиын да төлемей гүл шоғын алып кеткен еді. Алайда қорлық көрген сатушы арыз жазудан бас тартты. Қоғамда үлкен шуғызған видеодағы ер адамның Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екенін Uaqyt.info бұған дейін жазды.

 

Ұсынылатын