- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Шымкенттегі медресе ұстазы жасөспірімдерді "хадис" жаттамадың деп сабап тастаған
Шымкенттегі медресе ұстазы жасөспірімдерді "хадис" жаттамадың деп сабап тастаған
Алмас Абылай

Шымкент қаласындағы діни тәлім беретін медресе жасөспірімдерді ұрып-соққан. Балалардың денесінің сау-тамтығы жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба Тelegram-арналардың бірінде тарады. Видеода 2 жасөспірімнің заңгерге жағдайын көрсетіп жатқанын байқауға болады. Арқаларының сау-тамтығы жоқ.
"Құрметті азаматтар, тиісті мекеме басшылары мына екі азаматша құқықтық көмек сұрап келді. Балаларын ұрған. Медреседе аят, хадис жаттатқан. Кейін жаттай алмадыңдар деп сабаған. Аяқ-қолы, саны, арқасын қараңыздар", - дейді бейнежазба авторы.
Мұнан кейін балалар аты-жөнін және кімнің ұрғанын да айтып береді.
"Жасым 9-да, Әли және Батырхан. Осындай үйде дін сабағын береді. Ұстаздың аты – Рүстем", - дейді жасөспірімдер.
Бұл жағдай желідегі жұрттың жағасын ұстатып отыр.