“Шынайы емес”. Қажылықта жүрген Мадияр Серікбаев сынға қалды
Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр
“Өнер қырандары” театрының директоры, актер Мадияр Серікбаевтың Умрада жүрген сәті көптің талқысына түсті. Солардың бірі Санжар Керімбай камера алдында жылаған актердің әрекетін сынға алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Жігіттер, мынау оң тірлік емес. Құлшылық, мінәжатты камераның алдында жасамайды. Шынайылық болмайды ондай жерде. Иман заттанып, ақырында мүлдем ғайып болады осылай жалғаса берсе. Құлшылық қылуетте жасырын болу керек", - деп жазды Санжар Керімбай.