Tuesday, 14 May,2024

"Сындырып жіберемін". Нұрлан Еспанов әнші Абай Бегейді қорқытқан бейнежазба тарады

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Әнші Нұрлан Еспанов өнердегі әріптесі Абай Бегейге күш қолданды. Тіпті сөзбен қорқытып, ескерту жасаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазбаны әнші өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода әнші Абай Бегей әріптесі Нұрлан Еспановтың қолын ұстап, иіліп тұр. Ал Еспанов оған ескерту жасап әлек. Тіпті "сындырып" жіберетінін айтады.

"Е, Абай, өлтірем мен сені. Елдің бәріне шашып жіберемін деп айтып жүр екен. Таяқ жейді, мынау. Асқат, ағаңды қарап қой. Көшеден ұстап алдым, сындырып жіберемін", - деп әкіреңдейді Нұрлан Еспанов бейнежазбада.

@nurlan.espanov

 

♬ оригинальный звук - Nurlan Espanov

Ұсынылатын