Сырдария өзеніне 14 жастағы оқушы батып кетті
Uaqyt.info
Фото pixabay
Қызылорданың «Мерей» шағынауданы маңындағы Сырдария өзенінен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қызылорда қалалық ТЖД бастығы Жасұлан Түйменовтің айтуынша, баланың суға батып кеткендігі туралы хабарлама 14 мамырда түскен. Ол өзеннің рұқсат етілмеген аумағына шомылған екен.
“Ол жабдықталмаған орында суға шомылған. 2009 жылғы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер іздестірді. Нәтижесінде сағат 14.48-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Балаларды қараусыз қалдырмауды, қайғылы жағдайға ұшырамас үшін баланы қадағалауды сұраймыз”, - деді Жасұлан Түйменов.