Sunday, 24 November,2024

Сырдарияға батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркістан облысында суға батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қазақпарат жазды. Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.

Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бүгінде суған батқан 11 адамның 10-ы табылды. Кеше 9-шы адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды. Uaqyt.info суға батып кеткендер туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын