Сырқаттанып қалған Түркия президенті ел алдына шықты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өткен TEKNOFEST-2023 фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Анадолы басылымының жазуынша, іс-шара тікелей эфирде көрсетілген. Онда Режеп Тайып Ердоған халықтың алдына шығып, сөз сөйледі. Ол көрмеге қатысып жатқандарға сәттілік тілеп, болашақта технология саласын жетік меңгерген ғалымдар, ғарышкерлер мен өнертапқыштар шығатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, сәуірдің 26-да президент тікелей эфир кезінде өзін жәйсіз сезініп, ауырып қалған болатын. Одан кейін Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өтетін бірқатар іс-шаралар кейінге ауыстырылған болатын. Ал мемлекет басшысы өз үйінде ем қабылдады.