Friday, 18 October,2024

Сырымбек Тау "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға көлік мінгізді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға темір тұлпар сыйлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Бұл қазақстандық қоғамды кинозалдарда біріктірген тұңғыш фильм болды. Отандық картина көрермендердің жүрегіне жетті. Мұндай фильм режиссерінің еңбегі қандай құрметке де лайық, сол себепті ел жанашырына алғыс ретінде біз оған автокөлік сыйлауды ұйғардық”, – деп атап өтті Сырымбек Тау.

Мұрат Есжан мұндай тосын сыйды күтпегенін айтады.

“Енді жасыратын несі бар, айта берейінші. Жаңа шара болып жатқан жерде кіл жаңа, крутой көліктердің қасына қоюға ұялып, машинамды алысқа қойып кетіп едім. Терезесі ашылмайтын, багажнигін ішінен еңбектеп кіріп ашатын бұл көлікке де өкпе жоқ. Тақылдаса да, уілдесе де тоқтамай жүріп тұр. Бір емес, екі сериалды осымен жүріп түсірдік. Енді жаңа көлікпен жаңа жобалар жасауды жазсын! Осы көлікпен келіп, басқа көлікпен кетудің сәті түсіп тұр. Өте қуаныштымын, - деді Мұрат Есжан.

Ұсынылатын