- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Тағы ақша шашу ма? Елордада дүйім жұртқа мазақ болған LRT құрылысы қайта басталды
Тағы ақша шашу ма? Елордада дүйім жұртқа мазақ болған LRT құрылысы қайта басталды
Елордада сағызша созылып, соғы мазаққа айналған LRT құрылысы қайта қолға алынған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары әуежайдан бастау алып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы құрылыс жұмыстарын қолға алған компаниясы хабарлады. Яғни ондағы дерекке сүйенсек, арқалықтарын құю ісі жүргізіліп жатыр. Сол аяқталса оның беріктігі тексерілмек.
Сонымен қатар әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT желісінің барлық учаскесінде эстакада мен станцияның темірбетон конструкцияларын орнату жұмыстары да басталған.
"Осыған байланысты Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында, сондай-ақ Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында уақытша конструкцияларды құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шаралар жеке типтегі монолитті арқалықтарды орнату үшін жүргізіледі. Жоба бойынша осы арқалықтардың құрылысы қолданыстағы кең даңғылдарды қиып өтетін жерде қарастырылған", - дейді компания мамандары.
Барлық жұмыс 30 қарашаға дейін аяқталады деген жоспар бар.