Saturday, 23 November,2024

Тағы бір қалада төтенше жағдай жарияланды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Көкшетауда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Ғайса айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қылшақты өзенінің арнасынан асып, су әлеуметтік нысандар, үйлер мен көшелерді басып қалған. Қазіргі уақытта шығын көлемі және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Көкшетау қаласында қалыптасқан жағдайға байланысты, яғни Қылшақты өзеніндегі судың деңгейі шамадан тыс көтерілуі тұрғындардың өмір сүруіне қолайсыздық туғызды. Жағдайды тұрақтандыру үшін Төтенше жағдай енгізілді. Соның шеңберінде келтірілген шығын көлемі анықталып, комиссия арқылы материалдық көмек мәселесі шешілетін болады. Су басқан аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, қазіргі кезде 100 жуық адам арнайы дайындалған орындарға орналастырылды. Жерлестеріме жағдайды түсінгеніңіз үшін және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын ”, - деді қала әкімі Бауыржан Ғайса.

Ұсынылатын