Saturday, 23 November,2024

Тағы несі қалды? Қайрат Боранбаев 30 млрд теңгені мемлекетке қайтарды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Кеше ғана Астанадағы қымбат қонақ үйін мемлекет меншігіне берген Қайрат Боранбаев өз еркімен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржысын аударды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеді. Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат түрінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды», - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын