Thursday, 19 September,2024

Таиландқа демалуға барған қазақстандық турист көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Таиландқа демалуға барып, суға батып кете жаздаған қазақстандық туристің өмірін дәрігерлер арашалап қала алмады. Ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы марқұмның туысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Артур енді жоқ”, - деп жазды марқұмның туысы.

Естеріңізге сала кетейік, Артур Ысқақов есімді отандасымыз жергілікті биліктің ескертуіне қарамастан, суға шомылған еді. Қатты толқынның кесірінен ол өте көп су жұтып қойып, ауруханаға түскен болатын. Ал СІМ жат елде демалып жүрген Қазақстан азаматтарына жергілікті биліктің ескертулеріне қатаң бағынуға шақырады.

Ұсынылатын