Sunday, 8 December,2024

Тайландта демалған Павлодар тұрғыны елге денге безгегін жұқтырып келген

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Тайландқа демалуға барған Павлодарлық тұрғын елге аса қауіпті ауруды жұқтырып келген. Вирус масаның шағуынан жұғып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты жазды. Дерекке сүйенсек, 37 жастағы азамат елге келгеннен кейін облыстық ауруханаға 38 градусқа дейінгі температура, бөртпе, ентігу, әлсіздік, летаргия, балтыр бұлшықетінің, буындардың ауырсынуы секілді шағымдармен барыпты. Осылайша тексеру кезінде оның денесінен денге вирусы анықталып отыр.

"Науқас бір апта бойы үйінде ауырған, амбулаториялық кезеңде емдеу нәтиже бермеген соң инфекция бөліміне жүгінді. Тексеру кезінде инфекционист дәрігерлер әрдайым басқа елдерге барған-бармағанын сұрайды. Жігіт осы жақында ғана Таиландтан келген, оны жәндік шағып алыпты. Ер адам шұғыл ауруханаға жатқызылды, клиникалық және аспаптық зерттеу жасалды. Диагноз - денге безгегі", - дейді денсаулық сақтау басқармасында.

Денге безгегі – бұл адамға маса арқылы жұғытаны вирус. Қазақстанда кездеспейді, бірақ көбіне шетелге шыққан азаматтар жұқтырып келіп жатады. Адамнан адамға жұқпайды. Бірақ денге безгегі қан кетіп, шок туғызатын, кейде өлімге апарып соғатын геморрагиялық қызба тудыруы мүмкін.

Ұсынылатын