Saturday, 18 May,2024

Тайландта есірткі шегіп есірген қазақстандық турист ұсталды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Тайландта ішімдік ішіп, артынша есірткі шеккен қазақстандық азамат ұсталды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақстандық азаматтың тәртіп бұзғанын Thairath хабарлады. Дерекке сүйенсек, турист теңіз жағалауында адамдарға тиісіп, қонақ үй ауласына, мейрамханалар ішіне кіріп алып, артынша қолына түскен затты қиратқан.

Жергілікті полицияға есірген ер адам жайлы хабарлама 9 сәуір күні кешкі мезгілде түскен екен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары оны ұстауға тырысқанда азамат теңізге қарай қашып, су ортасындағы кішігірім тасқа отырып алған. Осылайша полицейлер оны зорға көндіріп, бөлімшеге алып кетеді.

Белгілі болғандай азамат ащы судан ұрттап, артынша есірткі шеккенін айтып беріпті. Әрі есін жиған соң барлық келтірілген залалды толықтай өтеуге уәде берген.

Ұсынылатын