Thursday, 19 September,2024

Талдықорғанда 10 жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талдықорғанда 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды балабақша маңында зорламақ болды. Азғын шалбарын шешіп, арам ойын жүзеге асыра бастағанда көшедегі адамдардың бірі көріп қалып, араша түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полицейлер ізін суытпай 19 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған.

“Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам көтеріліп, шағын ауданның периметрі қоршалған. Іс бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада.

Ұсынылатын