Friday, 17 May,2024

Талдықорғанда 19 жастағы қыз таксиді алдап, көлігін ұрлап кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талдықорғанда 19 жастағы қыз таксиді алдап, көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Белгілі болғандай, 19 жастағы қыз такси жүргізушісіне сусын алып беруін сұрап дүкенге жұмсаған. Жүргізушінің көлікті оталдырған күйінде тастап кеткенін көрген ол көлікті айдап қашып кетеді. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер жас қызды Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты.

“Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Күдікті тұлға ретінде біз 19 жастағы қызды ұстадық. Қазір іс жүзінде ҚР ҚК-нің 200-бабында (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның жеке басын растайтын құжаттары болмағанын ескере отырып, ол уақытша қабылдау-тарату орнына жеткізілді”, – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Қайрат Баймұханов.

Ұсынылатын