Thursday, 19 September,2024

Талдықорғанда 20 жастағы курсант көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талдықорғанда жолдың бойынан 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды. Әзірге жас жігіттің неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, марқұм Алматы әскери институтында курсант болған. 20 жастағы жігіттің денесі жол бойынан табылған. Әзірге оның неден көз жұмғаны белгісіз.  

"2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Uaqyt.info ақпаратты толықтырады.

Ұсынылатын